Accessibility links

FT: Киев 50 мыңға дейін бітімгер әскер кіргізуге болады деп санайды


Украина президенті Владимир Зеленский Давос экономика форумында. 22 қаңтар 2025 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский Давос экономика форумында. 22 қаңтар 2025 жыл.

Владимир Зеленскийдің Давоста айтқан Украинаға Батыстың 200 мың бітімгер әскерін тарту туралы ұсынысы шынайы сценарий емес деп жазды Financial Times (FT) басылымы.

Басылымның жазуынша, Киев пен оның Батыстағы одақтастары арасындағы талқылау кезінде одан да аз көрсеткіш айтылып жүр.

Талқылауларға қатысып жүрген Украина шенеуніктерінің біріне сүйенген басылым Киев 1000 шақырымға созылатын майдан сызығы маңындағы қауіпсіздікті 40-50 мың шетел сарбазы қамтамасыз ете алады деп санайды.

Ақпаратқа қарағанда, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және НАТО бас хатшысы Марк Рютте 3 ақпан күнгі бейресми отырыста Украинаға бітімгер әскерді орналастыру идеясын талқыламақ. Бұл идеяны Балтық елдері де қолдаған. Ал мұндай ұсынысқа Польша мен ақпан айындағы Бундестаг сайлауынан кейін қызметінен кететін Германия канцлері Олаф Шольц қарсы.

Украинада Еуропаның әскерін шоғырландыру идеясын 2024 жылы ақпанда Франция басшысы Эммануэль Макрон айтқан еді. Оның пікірінше, соғыс жалғасып жатқан тұста еуропалықтар маңызды инфрақұрылымдарды қорғау, украин әскерін үйрету, техниканы жөндеу, Беларусьпен шекараны күзету сияқты қосымша міндеттерді орындай алады. Сол кезде украин күштерінің назары басқа нәрсеге бөлінбей, соғысқа ғана ден қоя алушы еді деп айтқан еді Макрон.

АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін Еуропа күштерін Украинада бітімгер әскер ретінде пайдалану мүмкіндігі айтыла бастады.

Екі күн бұрын Давостағы дүниежүзілік экономика форумында Зеленский Ресеймен соғысты реттеу мәселесі аясында Украинаға бітімгер күш ретінде кемінде Еуропаның кемінде 200 мың сарбазы керек деп айтқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG