Пара алмақ болған түрме бастығы айыппұл төлеп абақтыдан құтылды. Ал жазасын өтеуші жемқорлықты әшкерелеймін деп, шартты түрде босап шыға алмай қалды. Ол аздай, басшыны "ұстап бергені үшін азапталып жатыр" деді адвокаты. Ресми органдар мұны жоққа шығарады. Бірақ шырғалаң әлі жалғасып жатыр.