«Түс ауа кеш батады». Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін қолайсыз көретіндер көп. Сағатты ауыстыруға қарсы сарапшы үкіметпен соттасып жүр. Ол «билік халыққа ескертпей сынақ өткізіп жатыр» дейді. Арыны қатты көрінген депутаттар неге жым-жылас кетті? Үкіметке сөзі өтпей ме?
Ресей әскері Курск облысы мен Белгород облысындағы шайқаста көп шығынға ұшырап жатқаны айтылды. Украина Ресеймен келіссөзде қауіпсіздік кепілдемесін алдыңғы қатарға шығаруы мүмкін. Киев ядролық қару жасамайтынын мәлімдеді. Соғыстағы 13-14 қараша күнгі жағдайды шолып шықтық.
Қазақстанда теңге құнсызданып, доллар қымбаттады. Мұнай арзандаса ахуал қалай өзгермек? Маңғыстау мен Атырау облысытарында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін адамдар ереуілге шықты. Не талап етеді? АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп жақтастарына қызмет үлестіріп жатыр.
13 қарашаға қараған түні Украинаның барлық облысына әуе шабуылы жасалды. Елде кейінгі үш айдағы босқындар саны 170 мыңға жетті. Ал Ресейдің Курск облысында Солтүстік Кореядан көмекке келген әскер соғысқа араласа бастады. Соғыстағы жағдайды шолып шықтық.
Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ жағдайда қаза тапқанына 19 жыл. Істің қайта тергелуіне не кедергі? Amanat партиясы халықтан неге кешірім сұрау керек? Белсендінің көздегені не? Әзербайжан астанасында жаһандық климат саммиті өтіп жатыр. Қазақстан президентін қандай мәселе алаңдадаты?
Экс-министр Қуандық Бишімбаев қай түрмеде? Airan журналистері оны неге іздеді? Жалған ақпарат таратқан кім? Қайда деп сұраған қазақстандық БАҚ па, «жоғалып кетті» деп ушықтырған ресейлік сайттар ма? Трамптың Путинге қоңырау шалғаны рас па? The Washington Post мен Кремль ақпараты қайшы шықты.
АҚШ президентігіне сайланған Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені айтылды. Бұған қоса, Трамптың кеңесшісі "Қырымды қайтару мүмкін емесін"меңзеді. Ресей мен Украина бір-бірінің қалаларына дрондармен ауыр соққылар жасады.
Тағы бір сарбаз қаза тапты. ҰҚК шекара қызметі оның өлімін «суицид» деді. Маңғыстау облысында итбалық қырылып жатыр. Табылған өлексе 500-ден асты. Ұлыбритания Қазақстанда тіркелген 6 компанияға санкция салды. Олар Ресейге не тасымалдаған?
Түркия президенті түркі мемлекеттеріне ортақ әліпбиге өтуді ұсынды. Орталық Азияға талас па? Мәскеу мен Пекиннің ықпалы күшті аймақтан Анкара не іздейді? Сайлауда жеңілген Харрис ТРампты құттықтады. Байден де қоңырау шалған.
Осы аптада ортақ түркі әліпбиі туралы тағы айтылды. Бұл жолы да оны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған еске салды. Басқа елдердің басшылары бұл тақырыпты көп қозғамады. Түркілер бірыңғай қаріппен жаза ала ма? Ортақ жазу тек қағаздағы жоба болып қалмай ма?
Дональд Трамп араға төрт жыл салып АҚШ президенті болып қайта сайланды. Ол Украина мен Ресей арасында соғыс, Таяу Шығыста қарулы қақтығыс болып жатқан шақта Ақ үйге оралмақ. Сайлаушыларға елдің ішкі мәселелерін басты орынға қоюға уәде еткен Трамп биліктегі екінші мерзімінде қандай саясат жүргізеді? АҚШ-тың Орталық Азия мен Қазақстанға қатысты саясаты өзгере ме? Қазақстандық сарапшылар мен депутаттардың пікірін сұрадық.
- АҚШ 47-президентін таңдады. Дональд Трамп Ақ үйге қайта кірмек. - Трамптың сыртқы саясаты қалай болмақ? Украина-Ресей соғысын тоқтата ала ма? АҚШ Орталық Азияға қандай саясат ұстанады? - Түркі емлекеттері ұйымының XI саммиті өтті. Бішкекте президенттер не туралы сөйлесті?
Қазақстандық БАҚ «Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі деп жазған Хасан Қасымбаевты Қонаев соты екі айға қамады. Қазақстан президенті Францияға барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон не туралы сөйлесті? 5 қараша АҚШ-та президент сайлауының соңғы күні. Кім жеңеді?
Қазан айында Ресей 695 әскери техникасынан, Украина 276 әскери техникасынан айырылғаны айтылды. Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Мәскеуде Путинмен кездесті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде мемлекеттік сапармен жүр. 5 қарашада ол Франция президенті Эмманюэль Макронмен және өзге де ресми адамдармен кездеседі. Француз баспасөзі талқыланатын тақырыптар арасында Украинадағы соғыс, Қазақстанда АЭС салу және өзге мәселелер бар деп жазды.
Алматы облысы Талғар ауданында атышулы Хасан Қасымбаевтың қамалғаны хабарланды. Қылмысқа қатысы бар ма? Түркістан облысы Сарыағаш соты күніне жүзден аса мигранттың ісін қарайды. Олардың жазығы не? Молдовадағы президент сайлауында еуропашыл Мая Санду оза шығып, ресейшіл кандидат жеңіліс тапты.
Украинаның Донбасс аймағындағы кескілекен шайқас жалғасып жатыр. Украина әскерінің бас қолбасшысы "Ресейдің ең ауыр шабуылына тойтарыс беріп жатқанындарын" айтты. Оңтүстік кореялық дипломат Ресей КХДР солдаттарына "екі мың доллар айлық төлейді" деп топшылайды.
3 қарашада Молдова президентін сайлаудың екінші туры өтті. Сайлауға Мәскеу киліккені жайлы айыптаулар айтылып жатқан шақта жарияланған алдын ала қорытындыға сай, қазіргі президент, батысшыл саясаткер Майя Санду жеңіске жетті.
Сайлау сарапшылары мен дата талдаушылар Грузия аймақтарындағы дауыстың бөлінуі бойынша графиктерде ауытқушылық барын байқады. Бұл сайлаудағы бұрмалаушылықтарға жанама айғақ болуы мүмкін. Мұндай жайт 2020 жылы Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум кезінде де байқалған. Олар мұндай трендті "Ресей құйрығы" деп атайды.
Тағы